Павлодар облысына қарасты барлық аудан және қала имамдарының кезекті көшпелі жиналысы 05- маусым күні киелі Баян тауының баурайында өтті. Баянауыл ауданы орталығында өткен жылы ғана күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан ұлғайтылған «Мұса мырза» мешітіне жиналған имамдарға ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов алдағы Рамазан айын Алла тағаланың ризашылығы үшін құрметпен қарсы алып, әр күнін нәтижелі де сауапты іс-шаралармен өткізіп, шығарып салу үшінгі жан-жақты дайындық жұмыстарды пысықтап, жаңадан тапсырмалар жүктеді. Мұнда, қасиетті Рамазан айына байланысты Бас мүфтидің үндеуін халыққа кеңінен насихаттау, қайрымдылық шаралары мен әр түрлі мекемелерде ауызашарлар өткізу, Рамазан айына орай ҚМДБ-ның төрағасының бұйрығы негізінде бір айлық жоспар жасап, бекітілген жоспар аясында жұмыстар жүргізу тапсырылды.
Сонымен қатар, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырған арнайы төрт түрлі бағыт бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар, Нұр-Мүбәрак университеті мен медреселерге шәкірттер жіберу, жаңадан бітіріп келіп жатқан түлектерді дұрыс пайдалану қатарлы көптеген мәселелер талқыланды.
Имамдар келесі жолғы қала, аудан имамдарының көшпелі жиналысын Рамазан айын нәтижелі шаралармен шығарып салып, тамыз айының 04 күні 10.00-де Екібастұз қаласының мешітінде жиналып, атқарылған іс-шараларын талқылауға келісті.
Сондай-ақ алдағы 24-25-маусым күндері имамдарға Павлодарский ауылындағы «Қасым қажы» мешітінде барлық имамдарға Ақида, Фикһ ілімдері және электронды техникалар, соның ішінде ғаламтормен жұмыс істеп үйренуге бағытталған 2 күндік семинар жүріліп, 25-маусым күні түстен кейін «Азан айту» жарысы ұйымдастырылатын болды.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2014
3487
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру