Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалық шаттық, балғын шақ

06.06.2014 4338 0 пікір

"Бір бала қуанса мың періште қуанады" – деп, дана халқымыз айтушы еді. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлының ұйымдастыруымен қаламыздағы «Жетісу» мешітінің алаңында «Біз бақытты баламыз» атты қайырымдылық акциясы өтті.  Бұл игілікті шараға балаларға арналған корновал шоу, қуыршақтар театрі әртістері, балаларды құттықтай келген екі үлкен панда да, арнайы  қызықты қойылымдар көрсетіп, сонымен қоса бүлдіршіндердің көздерін бал-бұл жайнатқан торттар мен тәтті балмұздақтар, шоколад фонтан балаларды бір серпілтіп, көңілін көтеріп төбесін көкке жеткендей қуандырды. Бүкіл балаларға арнайы алынған ойыншықтар мен қуыршақтар бүлдіршіндері бір шаттыққа бөледі. Қойылған батуттар үстінде секіріп ойнаған балалардың күлкісі шат-шадыман қуанышқа толған мешіт ауласы, болашағымыз ұрпақ екенін тағы бір айғақтап, бұл көрініс құтты бір ғасырлар бойы жалғасатын ертеңіміздің көрінісі мен мұндалап тұрғандай сезімге бөледі. Жас жеткіншектердің арасында небір қазақы ойындар да көрініс тапты, арқан тартыс, доп жарыс, бәрі де тек балалар үшін. Осы мереке күні көпбалалы отбасыдан және тұрмыс жағынан жағдайы төмен жанұядан шыққан балалар, интернаттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері мешіт имамдарымен жанашыр жамағаттардың қалтқысыз  қамқорлығына бөленуде. Тағдырдың тар жолын басып өтіп өмірдің салқыны жүректерін мұздатқан сәбилерге жылу сыйлаған Талдықорған өңірінің өкіл имамына сәбилердің көңіліне қуаныш, жүзіне күлкі орнатқан бұл шараға дән риза болып, алғыс айтқан балалар үйінің тәрбиешілерімен ата-аналар аз болмады.    

ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру