Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті оразаға дайындық ерте басталды

05.06.2014 4803 0 пікір

Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінде облыстық аудан-қала имамдарының басын қосқан жиын болып өтті. Онда ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкілі Қанат Қыдырмин жергілікті имамдарды жақында Діни басқармада өткен төралқа шешімдері жөнінде хабардар етті. Діни басқарманың уағыз-насихатты жандандырып, жат ағымдармен күресті ширата түсу жөніндегі тапсырмалары да ауызға алынды. Әсіресе, діни насихатты бұқаралық ақпарат құралдары мен әртүрлі сайттар арқылы жүргізудің жай-жапсары да тілге тиек етілді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы басқарманың жергілікті өкілдеріне Әбу Ханифа мәзһабының құндылықтарын, оның ішінде дінді ұлттық салт-дәстүр арқылы дамыту аса қажет екенін міндеттеп отыр. Сондықтан, аудан-қала имамдары бұл іске белсене атсалысуы керек.

Сонымен бірге, бұл бас қосуда алдағы Рамазан айын қарсы алуға дайындық мәселесі де күн тәртібіне қойылды. Ораза айын тағылымды өткізудің жай-күйі бір пысықталды. Имамдарға Діни басқарма міндеттерінен туындайтын тапсырмалар беріліп, діни насихатты өрістету маңызды екені айрықша тапсырылды.

Бақыт СМАҒҰЛ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру