Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков маусым айының 4 жұлдызы күні облыстық орталық мешітте облысқа қарасты барлық имамдардың кезекті мәжілісін өткізді. Күн тәртібінде екінші тоқсан, яғни жарты жылдық жұмыс қорытындыланып, Діни басқарма тапсырған міндеттемелер бойынша Рамазан айына қатысты бірқатар жүктемелер берді. Алдағы келе жатқан қасиетті Рамазан айында атқарылуы тиіс шаралардың әрбірі пысықталып, жазғы сауат ашу курсын жақсылап өткізу тапсырылды.
Рамазан айына қатысты шараларды жоғары деңгейде өткізген және жазғы сауат ашу курсын нәтижелі жасаған имамдарға өкіл имам тарапынан арнайы ынталандыру сыйлығы болатынын ескертіп өтті.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшылығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.06.2014
3481
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру