Мектеппен қоштасу сәті – әр адам өміріндегі ұмытылмас, естен кетпес, ең елеулі кештердің бірі. Енді түлектер кешегі мектептегі еркеліктерімен, балалық бал дәуреннің ұмытылмас кездерімен, сабаққа дайындалмаған сәттегі қоңыраудың сыңғырымен қош айтысты. Осының бәрі артта қалып бара жатса, алда күдік пен қуанышқа толы өз беттерімен өмір сүруге деген үлкен жауапкершілікті жүктеп, қызығы мен қиындығы мол белестер күтіп тұр.
Ел ордамыз Астана қаласында түлектермен өткен кездесу, Жетісу жерінде жалғасын тапты. Кездесудің мақсаты, оңы мен солын әлі де болса біте тани қоймаған жастарымызға, білмес жолдың ойы мен шұңқыры көп болатындығын ескерте келе, Құдай деген құр қаламайтындығын жеткізу еді.
Жиын қасиетті Құранмен ашылып, өскелең ұрпаққа қол жайып бата берілді. Өкіл имам Серікхан Рымханұлы, сөз кезегін қалалық білім басқармасының басшы Болат Кәметұлына табыс етті. Білім саласының басында отырған ағамыздың, түлектерге тілегені, жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, халқына қалаулы, еліне елулі азамат болулары болды. Артынша сөз тізгінін өкіл имам алып, еліміздің жарқын келешегі атын иеленген жастарымызға, жан-жақты рухани дәріс оқыды.
Балаларымен бірге ере келген ата-аналарының да жүрегіне кезігуден кейін, жылылық пен сенімділіктің орнағаны анық байқалып тұрды.
Сәт сапар саған, жас түлек! Ақжол, Алланың амандығы болғай!
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.06.2014
4632
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру