1 маусым – Балалық шақтың ең басты мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар келетін жаздың бірінші күні. Бұл күннің басты идеясы – қоғамдағы балаларға қамқорлық және оларға ерекше көңіл аудару керектігін, айқын, түсінікті нәрселер жөнінде ескерту. Барлық ересек тұрғындар әр күні, әр сағат, әр минут сайын балалардың қамын ойлаулары қажет. Өйткені балалар – біздің болашағымыз, ал бақытты балалар – бақытты болашақ.
Ақмола облысы Бурабай аудандық мешітінің жамағаты және қызметкерлері осы мерекеден шет қалмай, ауданымыздың бірнеше кәсіпкерлерімен бірлесіп «Балаларға мейірімділікпен» атты мерекелік акция өткізді.
Мерекелік іс шара «Ақ Желкен» сауда үйінің жанында ұйымдастырылды. Қазақтың дәстүрі бойынша ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашқаннан кейін жиналған қауымды және балаларды Ақмола облысының өкіл имамы Қанат Қыдырмин арнайы келіп құттықтады. Мереке балалардың әндерімен, билерімен жалғасты. Мешіт жастары балаларға арнайы спорттық ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Балаларға қызықты болу үшін ертегі кейіпкерлері, сайқымазақтар шығып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Спорттық эстафеталар, қазақтың ұлттық ойындары, асфальтта сурет салу байқаулары ата-аналарға және балаларға ұмытылмас әсер қалдырды. Ойын-сауық бағдарламасына барлық балалар қатысып, әр балаға сыйлықтар табысталды. Мереке барысында бүлдіршіндерге сусындар, тәтті тоқаштар, бауырсақтар, шарлар тегін таратылды және карусельдер мен батуттар да тегін жұмыс істеді. Мұндай игі бастамаға ұйытқы болған Бурабай аудандық мешітінің бас имамы Шәріпов Тоқсанбай қажыға, мешіт жастарына, «Ақ Желкен» сауда үйінің директоры Сәкенов Біләлға, «Керемет» сауда үйінің директоры Акимбаев Қоңысбекке алғыс білдіреміз.
Балалар – бұл біздің үмітіміз және болашағымыз. Біз – ересектер әр балаға қамқорлық көрсетуде, тұлғаның жан-жақты, толық қанды дамуы үшін жағдайларды құра отыра, баланың құқығын қорғауда жауапкершілік пен міндетті естен шығармауымыз керек.
Бурабай аудандық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.06.2014
3383
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру