4 - маусым күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі, Қарағанды облыстық орталық мешітінде аудан, қала имамдарымен жиналыс өткізілді.
Жиналысқа арнайы өкіл имам Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен найб имамдар қатысып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің қасиетті Рамазан айына байланысты үндеуімен таныстырып, келе жатқан қасиетті Рамазан айына байланысты мәселелер жөнінде нақты тапсырмалар берілді, сонымен қатар аудан қала имамдарының жарты жылдық есебімен танысты.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айында атқарылуға тиісті тапсырмаларына сәйкес, жоспарлар құрылып, күн тәртібіне енді. Имамдардың Рамазан айында игі шараларды екі есе көбейтіп, талмай еңбек етуді мақсат еткені сөзсіз-ақ көрініп тұрды. Жаратушы Иеміз тілегімізді қабыл етіп, мұратымыз асылдан болғай.
Қарағанды облыстық орталық
мешітінің қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.06.2014
3530
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру