Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оразаға оң қадам

04.06.2014 4161 0 пікір

Талдықорған орталық мешітінде өңірдің өкіл имам Серікхан Рымханұлының төрағалығымен қала, аудан имамдарымен жиналыс болып өтті. ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфтидің тапсырмасы бойынша Қасиетті Рамазан айына байланысты қала, аудан орталықтарына:

-«Рамазан айы құтты болсын!» деген көшелерге баннерлер орналастырып;
-Бас мүфтидің үндеуін өңірдегі барлық мешіттердің аулаларында көрнекті жерлерге ілу;
-Қала, аудан жергілікті газеттерге рамазан айына байланысты мақалалар беру;
-Мешіттерден ауыз ашар ұйымдастыру;
-Рамазан айына орай кездесулер өткізу;
-Қадір түнінде мешіттер ашық болып, уағыз-насихат айтылуы, аудан имамдарына осы шаралардың қадағалауы тапсырылды.

Сонымен қатар мектеп қабырғасындағы жастарымыздың тәртібі бүгінгі таңның басты мәселелері болып тұр. Сондықтан, жастарымызды нашақорлық пен жаман қылықтардан алдын алу мақсатында, жазғы үш айлық демалысты тиімді пайдаланып барлық мешіттерде балаларды имандылыққа тәрбиелеу бағытында діни дәріс беру, лагерлер ұйымдастыру аудан имамдарына тапсырылды.

Бас имам екінші тоқсанды қортындылай келе, алдағы үшінші тоқсан іс-шараларының жоспарлары талқыланды. Төрт бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарға ерекше көңіл аударылды.

ҚМДБ Талдықорған өңірі 
бойынша баспасөз қызыметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру