Павлодар облысындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің 2014 жылғы түлектері мемлекеттік емтиханнан өтті. Емтиханға ҚМДБ-ның Жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан және ҚМДБ-ның діни оқу-ағарту бөлімінің референті Сиқымбаев Жеңіс қатысты. Аталмыш медресе шәкірттерінің 3 жыл бойы алған білім деңгейін толығымен тексерістен өткізген ҚМДБ өкілдері олардың білім деңгейіне «Жақсы» деген баға берді. Биылғы жылы медресе бітіріп, мемлекеттік емтихан тапсырған сегіз шәкірттің төртеуі «Өте жақсы» деген үлгеріммен меммлекеттік емтиханын тапсырып, ұстаздарының еңбегін ақтады.
Алла Тағала баршамыздың білімімізді арттырып, дінімізді нығайтып, мешіттер мен медреселерді көбейтсін! Еліміздің жастарынан білім талап ететіндерді көбейте берсін!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.06.2014
3677
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру