«Дін мен дәстүр жылы» аясындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен басты міндеттердің бірі – қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру еді.
Көңілі кемшін жандарға рухани демеу әрі материалдық жағынан қарайласуда «Нұр Астана» мешіті әрдайым өз үлесін қосып келеді.
Бүгін де игі істің жалғасы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай«Азия парк» ойын-сауық орталығында өткізілді. Зекет қорымен бірлесе ұйымдастырылып отырған шара әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, денсаулығында туа біткен кемшілігі бар жандарға арналды.
Бейкүнә балалар төл мерекелерінде «Бэби парк» атракционында асыр салып ойнап, онан соң кинозалда мультфильм тамашалады. Соңынан бүгінгі мерекенің қонақтарына арналып дастархан жайылды.
Ізгі істі өткізуге ұйытқы болған «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, балаларға базарлық, отбасыларына азық-түлік үлестірді. Аталмыш шара барысында көпбалалы 11 отбасыға қолдау көрсетілді.
«Нұр Астана» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.06.2014
3630
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру