Айлардың сұлтаны болған Рамазан айы күн санап жақындап келеді. Қасиетті айды күллі мұсылман қауымы бір кісідей асыға күтіп, сағына тосатыны белгілі. Содан да болар, күні кеше ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің өзі бас болып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бастау алған дайындық жұмыстары жер-жерлерде жалғасын тауып отыр.
Төралқа жиынына қатысып келген Өскемен өңірінің өкілі, облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы Асанов қала және аудан мешіттерінің имамдарының басын қосып, ең алдымен дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің: «Қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу, ол біз үшін абырой, әрі сын», – деген сәлемдемесін жеткізе отырып, сауабы еселеніп берілетін бұл айда қайырымдылық акцияларын мейлінше көбірек ұйымдастыруды, отыз күн бойына ауызашар беруді, қасиетті Қадір түні кешінде арнайы ғибратты шаралар өткізумен қатар, біршама игілікті істерді жүзеге асыру керектігін мешіт имамдарына ескерте айтылды.
Жиын соңында мешіт имамдары Рамазанға қатысты қосымша ұсыныс-тілектерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.
ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.06.2014
3610
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру