Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастардың жазғы сауат ашу курсы

03.06.2014 3998 0 пікір

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «жастар кадрлық резервін» қалыптастыру мақсатында жастар ресурстық орталықтарының мамандары мен ауылдық округ нұсқаушыларына Текелі қаласының «Алтын чажа» шипажайында «Жазғы көшбасшылық мектебі» атты сауат ашу курсы ұйымдастырылды.

Осы игілікті шараға жастар арасында діни ахуал және діни ағымдардың алдын алу, оларға ақ-қараны түсіндіріп айырып беру үшін, олардың шешендік өнерлерін дамыту мақсатында облысымызда құрылған жергілікті АНТ-ның мүшелері, өкіл имам Серікхан Рымханұлы бастап, қыздарға да арнайы насихат жұмыстары жүргізілді. Жиыны он адамнан тұратын АНТ жастар арасында үш күн бойы бірге болды. Жастарға діннің қоғамдағы рөлін, жат ағымдардың зияндығы, сонымен қоса қазіргі таңдағы қолданылатын діни экстремизм, терроризм, шаһид, жиһад деген сөздерге діни тұрғысынан мағынасын кеңінен ашықтап, өзіміздің дәстүрлі дініміздің құндылықтарын кеңінен түсіндіріліп өтті.

Сондай-ақ жастарға діни санасын оятатын, ойландыратын, логикалық сұрақтар қойылып, тапқырлығымен жауап бергендерге «Дін мен дәстүр» және «Дін мен діл», «Бала тәрбиесі» атты кітаптарды сыиға тартты. Жат ағымдардың зардабынан сақтану мақсатындағы бейне ролик көрсетіліп, соңында жастардың көкейіндегі сұрақтарға имамдар тұщымды жауаптар беріп, облыстық жастар басқармасының мамандары жастар атынан үлкен ризашылықтарын білдіріп тарқасты. Дәл осындай 200 адамнан астам үлкен жиынды семинар алдымыздағы Тамыз айында да жоспарланып отыр. 

ҚМДБ Талдықорған өңірі 
бойынша баспасөз қызыметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру