Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мектеп оқушылары діни сауат ашуда

03.06.2014 3548 0 пікір

Маусым айының 3-ші жұлдызы «Иманғали» орталық мешітінде жазғы демалысты тиімді пайдалану және жасөспірімдерді имандылыққа тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушыларына арналған жазғы сауат ашу курсы өз бастауын алды. Үш ай көлемінде созылатын бұл дәріске ұл және қыз балалар тобы дәріс алуда.

Балалардың діни білімін арттыруға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы алғашқы дәрісті өзі жүргізді. ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен мешіт-медреселерге арналған «Мұғалим сәни» кітабы таратылды.

Сабақ ұл балалар үшін аптасына 5 рет, ал қыз балалар үшін аптасына 3 рет өткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, күнделікті балаларға балмұздақ, шырын сулары мен тәтті тоқаштар, т.б. таратылады. Сондай-ақ, аталмыш сауат ашу курстары облысқа қарасты аудан-ауыл мешіттерінде де жалғасын табуда.

«Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей» демекші, Алла Тағала әрбір жанға иманды, білімді ұрпақты өсіруге нәсіп етсін.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру