ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ай сайын өтетін қала және аудан имамдарымен дәстүрлі кездесу жүйелі түрде өткізіліп келуде. Міне бүгінде бұл жиын өз жалғасын тауып, имамдар облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде бас қосты. Бұл кездесу айлардың сұлтаны Рамазан айына дайындықтар жүргізу үшін өз уақытынан бұрын өткізілді.
Осыдан бірнеше күн бұрын Өкіл имам кіші төралқа жиналысына қатысып орындалуы тиіс бірнеше тапсырмалар әкелді. Осы орайда Мүфти хазреттің бұйрығы тыңдалып, Дінбасы Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына орай 2014 жылғы үндеуі айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, жан-жақты талқыланып, Өкіл имам мына мәселелерге ерекше тоқталып өтті.
- Рамазан айында 30 күнде 30 рет халықпен кездесіп уағыз жүргізу;
- Зиялы қауым мен кәсіпкерлердің басын қосу;
- Рамазан айында аудан және қала мешіттерінде 30 күн 30 рет ауызашар берілу;
- БАҚ құралдарымен етене байланыста болу;
- Барлық қала және аудан газеттерге Мүфти хазреттің үндеуін шығару, үндеу жазылған баннерлерді мешіттерге, орталық алаңның көрнекі жерлерге іліну, ірі кәсіпорындарға, көлік қызметіне, азық-түлік корпорацияларына және де тағы басқа сауда үйлеріне барып, Хазреттің үндеуін жеткізу;
- Бұл айда қайырымдылық көмектерін көп жасау;
- Мүбарак айға мешіттерді жарықтандыру;
- Дүкендерде, тойларда арақ-шараптың болмауына, сатылмауына өз тарапымыздан ықпал ету.
- Ораза шатырларын ұйымдастыру.
- Жазғы діни сауат ашу курсының жоспарын дайындау.
- Бас Мүфтидің кубогына қала және аудан имамдарымен қатар жамағат арасында футбол ұйымдастыру.
Сонымен қатар жиналыс барысында Рамазан айына орай апта сайын жарыққа шығатын діни үн парақтыңда үлгісі имамдарға таныстырылды.
Ай сайын имамдарымыз бас қосып, өзгеге үлгі боларлықтай іс-шараларды ортаға салып, пайымды және тұшымды пікірлерінің айтылуы діни ахуалымыздың жақсармаса, ақсамайтыны анық. Олай болса, бұл кездесудің Аллаһ тағала берекесін беріп, халқымызға пайдасы мол болуын тілейміз!
ҚМДБ-ның Қызылорда
облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.06.2014
3417
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру