1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жасөспірімдерді құттықтау, оларға көңіл бөлу, мерекені сезіну мақсатында «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіне Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков, Орал облыстық орталық мешітінің найб имамы Самат Әлібаев, облыстық маслихаттың төрағасы Аққали Әубәкіров, мешітіміздің ақсақалы Амангелді Бисенов қайрымдылық іс-шараға қатысты.
Қайырымдылық шарасында Орал қалалық мешітінің бас имам Әлімхан Тұрлыбеков балаларды мейрамдарымен құттықтап, Ислам діні туралы үгіт-насихат айтса, орталық мешітінің найб имамы Самат Қанатқалиұлы «Жетім көрсең жебей жүр», – деген тақырыптың аясында уағыз айтып, көпшілік көңінен шықты.
«Әкеден – шапағат, анадан – мейір», – көрмеген жасөспірімдермен кездесіп, арнайы алынған сыйлықтарды табыстады. Балалар ән айтып, мың бұрала билеп, жыр жолдарын арнап қонақтардың қошеметіне бөленді.
«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде 110 адам тұрса, соның 49-ның жасы 23-тен асқан.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасө хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.06.2014
3171
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру