Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оқушылардың жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады

03.06.2014 3488 0 пікір

«Тәрбие –тал бесіктен»,- дейді қазақ халқы. Жас шыбықты қалай исең, солай өсетіні сияқты, бала бойына жастайынан сіңген тәрбиенің ертеңгі күні жемісті болары даусыз. Осы орайда, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде оқушыларға арналған жазғы сауат ашу курстары ашылып, жемісті еңбек етіп келе жатыр.

Осы орайда мешітіміздің бас имамы Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлының тапсырмасы негізінде «Әзірет сұлтан» мешітінде оқушылардың жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Маусым айының 2-22 аралығында өтетін сауат ашу курсына 6-15 жас шамасындағы 145 ұл бала мен 85 қыз бала қабылданды.

Жеткіншектерге жазғы лагерь аясында Құран әліппесін үйретіп, түрлі дұғалар мен сүрелер жаттауға көмектеседі. Сондай-ақ, «Имандылық әліппесі» пәнінен дәрістер өткізіліп, жас ұрпақты иман шарттарымен таныстырып, әдептілік пен тазалық, дәрет алу мен намаз оқу секілді ұғымдар аясы кеңінен түсіндіріледі. Оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтетін «Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) өнегелі өмірі», «Ғибадат», «Ислам әдебі» пәндерімен қатар, түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.

Жыл сайынғы ұйымдастырылып отыратын жазғы сауат ашу курсының биылғы жеткіншектеріне жоғарыда айтылған пәндер мен дәрістер барысында «Хикмет» телерадиостудиясында әзірленген аудио өнімдері мен көрнекілік құралдары пайдалануда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру