Мектеп қабырғасындағы балалар жазғы демалысқа шығып мәре-сәре болып жатқан болса, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану үшін барлық мешіт жанынан жазғы сауат ашу курстары жұмыстарын жандандырары сөзсіз.
Міне осындай сауат ашу курстары Маңғыстау облысына қарасты мешіттерде де жүргізілуде. Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбековтың тапсырмасына орай Мұнайлы ауданы, Маңғыстау мешітінде 40 балаға арналған имандылық лагері бүгін өз жұмысын бастап кетті. Өкіл имам лагерді ашып беріп, жемісті жұмыс жасауына дұға етті. 2 апталық лагер кезінде балалар сонда жатып оқып, үш мезгіл ас сумен қамтамасыз етіліп, бүлдіршіндерге имандылық дәрістерін өтіп, Құран сүрелерін жаттатып, Пайғамбарымыздың өмірінен дәрістер өтілетін болады. Машықтануға келген Нұр-Мүбарак университеті мен Орал медресесінің шәкірттері лагер барысында ұстаздық ететін болады.
Рамазан айына дейін 80 бала имандылық сауат ашу курсында оқитын болады. Сауат ашу курсына ата-ананың өтініші бойынша ғана қабылданады.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.06.2014
3840
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру