Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына байланысты имамдар бас қосты

03.06.2014 3499 0 пікір

Маусымның 2-сі күні Рамазан айы қарсаңында «Иманғали» мешітінде Атырау қаласының имамдары бас қосып алдағы жұмыстарды талқылау, пысықтау үшін мәжіліс өткізді. Жуырда Алматы қаласынан іс-сапармен оралған өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің сәлемін қала имамдарына жеткізе отырып, төралқа жиынында қарастырылған бірқатар мәселелердің жүзеге асуын жіті қадағалауды тапсырды.

Жиын соңында имамдар Рамазан айына байланысты өзара ұсыныстарымен бөлісіп, аймақтағы діни ахуалды тұрақты сақтап қалудың тетіктерін талқылады.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру