Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ өкілі РУ 170/2 мекемесінде

03.06.2014 3003 0 пікір

Ислам діні әлемдегі бейбітшілік діні. Елімізде асыл дінімізге көзқарас пен ынта-ықыласта жыл санап артып келеді.

Исламның атын жамылып, қоғам арасында іріткі тудырып жүрген топтардың көбейіп кетуіне байланысты, Ислам дінінің дұрыс бағытын түсіндіру үшін Орал қаласына арнайы ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық Ақпараттық-насихат тобының мүшесі белгілі дінтанушы Рүстем Сыздықов келген еді.

Орал қаласындағы РУ 170/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен РАНТ-ның мүшесі Рүстем Мәлікұлы жүздесті.

Кездесуде «Сенім» турасында сөз қозғап, жиылғандар ұйып тыңдады.

Барша тәуелсіз еліміздің амандығын, халқымыздың тыныштығын тілеп, дұға тілеуіміз керек. Сотталған азаматтарды сабырлыққа, адалдыққа, Отанды сүюге, жақсылықтан үміт үзбеуге шақырды.

Оған облыстық орталық мешітінің найб имамы Марат Асанов, облыстық діни істері басқармасының маманы, теолог Мақсат Аралбайұлы қатысты. 

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру