1-маусым, халықаралық балалар қорғау күніне орай ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі Н.Исеновтың тапсырмасымен облыстық барлық мешіттерде арнайы шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт ауласында арнайы жоспар бойынша мәдени-рухани, ойын-сауық іс—шарасы жүргізілді.
Мереке күні таңғы сағат 10.00 де мешіт ауласы шүпірлеген балалар мен ата-аналарға тола бастады. Олар демеушілердің қолдауымен орналастырылған үрлемелі батутқа балаларын төлемсіз кіргізіп асыр салып ойнаған бүлдіршіндердін қызықтап мәз болысты. Балалар арасына мешіт ұстаздары Қарлығаш Қажымәлікқызы, Жұлдыз Рашидқызы, Ақерке Тұрғанбай, Әлтанова Диана, Ерлан, Айдарбектер кезек-кезегімен «Кім жақсы тыңдайды?», «Кім шапшаң?» , «Шатыспақ», « Сиқырлы таяқ» , «Айгөлек», «суретті тіз», «Ұшты-ұшты», «Сөздегі соңғы дыбысты айт», «Орамал тастау» және «Әліппелік жұмбақ», « Артығын тап» және «Жұмбақ шешу» қатарлы көптеген ойын түрлерінде жарыс жүргізіп, әр ойын бойынша алдыңғы 3 орынның жеңімпаздарын анықтады. Оларға «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамдары Омаров Әбдімүтәліп пен Манапбаев Нұржандар ойын соңында көпшіліктің алдында арнайы марапаттар табыс етті. Сондай-ақ шараға жиналған 100 балаға арнайы қорапшаларға салынған сый-сияпаттар үлестіріліп, демеушілердің көмегімен арзандатылған бағамен балмұздақтар сатылды.
Осылайша «Мәшһүр Жүсіп» мешітінен ұйымдастырылған іс-шара бүлдіршіндерге шат-шадыман мерекелік көңіл күй сыйлап аса тартымды болып өтті.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.06.2014
3897
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру