Семей аймағына қарасты қала-аудан мешіттерінің Рамазанға дайындығын пысықтау мақсатында қала-аудан имамдарының қатысуымен кезекті жиын өтті. Жиын барысында өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазанға арнайы жасаған үндеуімен имамдарды таныстырып, оны кеңінен насихаттауға тапсырма берді.
Сондай-ақ, Рамазан айын барынша тиімді өткізу үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырып, атап айтқанда мешіттерді жарықтандыру, оразаның біркелкі кестесімен жүру, оразаға арнайы кітапша шығару, қайырымдылық шаралар өткізу, ауызашарларды жүйелі ұйымдастыру, қоғамдық көліктерге, қоғамдық орындарға, сауда үйлеріне баннер мен билбордтар ілу. Сонымен қатар, қасиетті Қадір түні кешінде арнайы ғибратты шаралар ұйымдастыру жоспарланды. Өкіл имам Алтыбай Мақсат барша имамдарды Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмаларын бұлжытпай орындау арқылы осы жылғы қасиетті Рамазан айы – мұсылмандардың ауызбіршілігін арттыратын, өзара бауырмашылдығын нығайтатын қасиетті айды жоғары деңгейде өткізуге бәріміз бір кісідей атсалысуымыз қажет екендігін баса айтты.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.06.2014
3524
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру