«Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады», - дейді қазақ аталарымыз. Расымен бірлік болмаған елде тыныштық та, береке де, бақ та кетері анық. Ал тыныштығы қашқан бірлігі жоқ елді жау оңай алары сөзсіз. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ауызбіршілікпен атқарған әрбір жұмысқа, Алла берекесін берері анық. Біздің өңіріміздің халқыда ата-бабаларымзыдың асыл мұрасы болып қалған бірлікті, әрбір істің басына қояды. Соның бір көрінісі жергілікті мешіт жамағаттарының арасындағы спорттық теңбіл доптан өткен ойынды ерекше айтуға болады.
Бұл сайысты Қызылорда облысының дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы мен «Сырдария – Руханият» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің қолдауымен өткізілді.
Аталмыш шараға қалалық барша мешіт жамағаттары белсене қатысып, қызықты ойын өткізді. Әрине жамағат кәсіби футболшылар болмағанымен де ойында жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Дегенмен, кіл мықтылардан алға суырылып шыққанда болды. Сонымен, «Жамағат бірлігі – басты ұстаным» атты спорттық футбол жарысында өнегелі ойын көрсетіп, ойынның кубогына ие болған қалалық «Нұр» мешітінің жамағаттары болды. Ал қалған алты командаға ойында белсенділіктері үшін алғыс хатпен марапатталып, Құран сыйға берілді.
Жаратқан Иеміз дәйім ынтымақ – бірлігімізден айырмай, елімізде бақ пен береке мәңгі орнағай! Әмин.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.06.2014
4163
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру