Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

02.06.2014 3486 0 пікір

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадисінде үш түрлі адамның дұғасын Аллаһ Тағала қабыл қылады деген. Соның бірі дүниеден өткен адамдардың артында қалған салих ұрпақтарының дұғасы деген. Өткенін ардақтай білетін саналы ұрпаққа, септігін тигізіп,  рухани дем беріп Семей қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен  саяси қуғын сүргін көргендермен, зұлмат ашаршылық құрбандарын еске алып, Құран бағыштап, көпшілікке дастархан жайып, ас берді. Ас үстінде өкіл имам Мақсат қажы Алтыбай өткендер үшін дұға қылудың дініміздегі орны туралы уағыз айтып, өткізіп отырған шараның мақсатына тоқталды. Зұлмат жылдары солақай саясаттың құрбаны болған қазақтың ұл-қыздарын еске алып, оларды ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 31 мамырды қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні етіп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары «Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті.Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылғанын айтып өтті. Қасиетті ұлық болған Жұма күні қуғын-сүргін құрбандарын еске алып Құран хатым бағышталды.

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру