Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраулық балаларға базарлық

02.06.2014 3603 0 пікір

Атырау қаласы, «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай қаладағы жетім балалар үйіндегі тәрбиеленуші балаларға мешіт атынан қайырымдылық жасалды. 

Мешіт ауласына киіз үй, батут орнатылып, балаларға тегін балмұздақ, шырын сулары мен бәліш т.б. таратылды.

«Жетім көрсең жебей жүр» демекші қасиетті шағбан айы қарсаңындағы сауапты істердің маңызын арттыру мақсатында кішкентай бүлдіршіндеріміздің жүздеріне шаттық, көңілдеріне күлкі сыйлауды хош көрген ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы балалар үйінің бүлдіршіндеріне кәлима-шаһадатын айтқызып, оларға Жалғыз Жаратушы Алла Тағаладан медет сұрап, дұға етуді үйретті.

 

 «Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру