Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Дін істері басқармасы арасындағы келісім-шарт негізінде республикамыздың барлық облыстық орталық мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарында түркиялық ұстаздардар дәріс беріп келгенін білеміз. Сол ұстаздардың бірі Ақтау қаласындағы облыстық орталық мешіт жанындағы сауат ашу курсында 2009 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Жошгун Хасан Хусейн есімді ұстаз.
Хасан Хусейн ұстаз мешітке келіп сауатын ашуға ниет білдірген қаншама жандарға аянбастан, жалықпастан адал қызмет етіп келгеніне жамағатымыз куә. Сол ұстазымыз 5 жыл қызмет етіп, келісім-шарттың мерзімі де бітіп, еліне оралатын сәтте келіп жетті. 30-шы мамыр жұма күні Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков жұма намазынан алдын жамағат алдында Хасан Хусейн ұстазға алғысын айтып, қазақи дәстүрімізге сай иығына шапан жауып, қазақ елін ұмытпау үшін домбыра сыйлады. Хасан ұстаз да барша жамағатқа ризашылығын білдіріп, қағазға түсірген ақ тілегін қазақша оқып берді. Мешіт ақсақалдары ұстазға алғыстарын айтып, ақ баталарын беріп шығарып салды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшылығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.06.2014
4028
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру