Көктемнің соңғы күні жыл басынан бастау алған, аудан имамдары мен молдаларының діни сауаттарын арттырып, тәжірибе алмасу мақсатында мешіт жанындағы "Діни сауат ашу орталығының" осымен кезекті сертификаттары табысталды.
Естеріңізге сала кетсек, бұл екі айлық курста облысқа арнайы Мысыр елінің әл-Азһар университетінен шақырту алған шейх Жамалуддин Хашим, сонымен қатар Ерсін Әміре, Қанат Жұмағұл, Ерғали Алпысбаев секілді еліміздің білікті теолог мамандары дәріс жүргізеді.
Бұл аса жауапкершілікті талап ететін істі басшылыққа алған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы өз сөзінде ең алдымен дін қызметкерлерінің, соның ішінде халықпен қоян-қолтық араласатын имам-молдалардың біліктілігін жетілдіру бүгінгі күннің күттірмес өзекті мәселесі екендігін баса айтты.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.06.2014
3910
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру