Ұлттық бірыңғай тестілеу - әрбір жас түлектің жаңа өмір жолындағы алғашқы асуы. ҰБТ алдында жасөспірімдердің қатты қобалжып, уайымдайтыны баршамызға белгілі. Осы орайда өңірімізідің бірқатар мектеп түлектері облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде болып, Алла үйінде алақан жайып, дұға тіледі.
Мешіттің наиб имамы Алыпқашев Аян түлектерді қарсы алып, оқу, ілім жайында, сонымен қатар білім жолында сабырлық таныту туралы ғибратты уағыз-насихат жүргізіп, жастарға тестілеуден сүрінбей өтіп, армандаған мақсаттарына жетулерін тіледі: «Ұлттық біріңғай тестілеуді табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!».
Облыстық «Қызылжар» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.06.2014
4237
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру