1-ші маусым балаларды қорғау күні қарсаңында, яғни 30-шы мамыр күні Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков облыстық балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге арнап қайырымдылық дастарханын жайды. Қайырымдылық шараға Облыстық дін істері басқармасының мамандары Е.Иса, Ғ.Мусрепов қатысты. Көңілі жабырқаулы, тағдыр тауқыметіне ұшыраған балаларды зиярат етіп, оларды қоғам, дін өкілдері ұмыт қалдырмағанын керісінше жүректері әрдайым бірге екендігін айтқан өкіл имам дастархан басында Құран оқып, имандылық жайында уағыз айтты.
Облыстық дін істері басқарма қызметкерлері балалар үйіне қаржылай қайырымдылық жасады.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшылығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.06.2014
3619
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру