Елімізде 31 Мамыр Қуғын сүргіндерді еске алу күні болып бекітілгені белгілі. Жалпы, қазақ халқы өз тарихында көптеген зұлматтар мен қуғын-сүргіндерді бастан кешкен. Соның ішінде Жоңғар шапқыншылығы, Ақтабан шұбырынды мен алқакөл сүлама, ұлт-азаттық көтерілістері, 1932 жылғы жаппай ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргіндер, 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі барлығы ұлтымыздың қабырғасын қайыстырды. Бабамыз Ахмет Байтұрсынұлының 1930 шы жылы айтқан сөзінде: "Қазыр қазағымның саны 6 милионға жетті Алла насіп етсе 50 милионға жетер күн де келер", - деген екен. 6 милион қазақтан 1932ші жылы 2 милион 400 мың қазақ қана қалған екен. Бұл сол кездегі бүткіл ұлтты жоюға арналған зұлым зұлмат болатын.
Басынан небір қиыншылықтарды тайсалмай өткеріп, бабаларымыз дініне, діліне, дініне берік болып, әлем бойынша 200-ден астам мемлекеттер ішінде жер көлемінің үлкендігінен 9-шы орын алатын отанымызды және әлем мемлекеттері ішінде ешбіріне Алла тұтас бермеген жер асты байлықтары, табиғи байлықтары мен тарихи байлықтарын жеткізіп кеткен. Біздер, ұрпақтар бабалардың аманатына берік болып, "Қазақстан" атты Отанымызға қызмет жасап, болашақ ұрпақтарымызға бай тарихымызды жеткізіп кету - перзенттік парызымыз.
ҚМДБ, Жезқазған аймағына қарасты, Кенгір ауылы мешітінде, Жұма намазынан соң, 31 Мамыр Қуғын сүргіндерді еске алу күніне орай мешіт жамағаттары, ауыл ақсақалдары, әкімшілік қызметкерлерінің басын қосып, арнайы дастархан жайып, өсиет сөздер жазылған банерлер ілініп, Құран оқылып қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Мешіт имамы Естауов Медет, ауыл ақсақалы Беркімбаев Ілияс, ақжаулықты ана Айдарбекова Назипалар бабаларды еске алып, отан-сүйгіштік пен имандылық тақырыптарында уағыздар айтылды. Жиналған ауыл жамағаты мешіт имамына риза болысып, баталарын беріп тарасты.
ҚМДБ, Жезқазған аймағы
Кенгір ауылдық мешіті
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.06.2014
3659
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру