29 мамыр күні Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет қаланың барлық бас имамдарымен қала мешіттерінің Рамазанға дайындығын пысықтау мақсатында кезектен тыс жиын өткізді. Жиын барысында Бас имам әуелі қала аумағына жаңа қосылған мешіттердің бас имамдарымен танысып шықты. Содан кейін, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазанға арнайы жасаған үндеуімен имамдарды таныстырып, оны кеңінен насихаттауға тапсырма берді.
Сондай-ақ жиын барысында Рамазан айын барынша тиімді өткізу үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырып, Бас мүфтидің Рамазанға арнайы берген тапсырмаларымен таныстырды. Атап айтқанда мешіттерді жарықтандыру, оразаның біркелкі кестесімен жүру, оразаға арнайы кітапша шығару, қайырымдылық шаралар өткізу, ауызашарларды жүйелі ұйымдастыру, әр мешітте хатыммен ораза тарауих өткізіп, елдің ынтымағын нығайтуға жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар телеарналарға шығудың тәртібі мен әдептері жөнінде сөз қозғалып, бұл жөнінде арнайы семинар өткізу жөнінде жоспары талқыланды.
Нұрбек қажы Есмағанбет барша имамдарды Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмаларын бұлжытпай орындау арқылы осы жылғы қасиетті ораза айын жоғары деңгейде өткізуге шақырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.05.2014
3382
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру