Алматы қаласындағы «Орбита» мешітінде діни сауат ашу курсында 9 ай бойы ілім нәрімен сусындаған қыз-келіншектер мен әйелдерге, әжелерге сертификат табыстау салтанатты рәсімі өтті.
Бас имам Асан қажы Тілеубердиев игі шарада сөз алып: «Асыл дініміз – Исламда білім алудың сауабы мол. Ілімді адамның мінезі көркем болады. Сонымен қатар түрлі діни ағымдардың арбауына ілеспейді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміз бойынша мешіттерде діни ағарту жұмыстарын жандандыруды қолға алып келеді. Сондықтан бүгінгі алған білімге сай соған амал етуді Алла тағала баршамызға нәсіп етсін», – деді.
Ізгі шара барысында ілім жинақтаған шәкірттерге мешіт тарапынан сыйлықтар үлестірілді. Апа-әжелер мешіт ұстаздарына ізгі ниеттерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Бүгінде «Орбита» мешітінде діни сауат ашу курсымен бірге тігін курсы да жұмыс істейді. Жуырда ҚМДБ-ның өкіл имамдары мұндай игілікті бастамаалрға куә болып, оң бағаларын берген болатын.
«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.05.2014
3514
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру