Қасиетті Режеп айының құрметіне мешіт жамағаты ішінен ораза ұстаған бауырларға «Таугүл-3» мешіті ауызашар берді. Ауызашарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және патуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, белгілі ғалым Сансызбай Құрбанұлы шақырылды.
Дастархан барысында Бас имам Нұржан Таласұлы алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындық мақсатында «Рамазанды қалай өткіземіз?», – деген сауалдарды жамағатпен талқылады. Жамағаттың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Сансызбай қажы ауызашардан кейін жамағатқа Рамазанға қалай дайындалуымыз керек деген тақырыпта уағыз айтып, жамағат көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді.
Таугүл-3 мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.05.2014
4031
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру