Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Туб диспансер орталығындағы кездесу

29.05.2014 3959 0 пікір

Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.): «Мүмін адамның жағдайы қандай таңғаларлық! Ақиқатында, оның барлық жағдайында ол үшін игілік бар, және бұл мүміннен басқа ешкімге нәсіп етілмеген. Егер оған қуаныш жетсе, ол Аллаһқа шүкіршілік-мақтауларын айтады және бұл ол үшін игілікке айналады. Егер оның басына қайғы түссе, ол оған сабыр етеді, әрі бұл да оған игілік болады», – дейді. Расында мүмін кезкелген жағдайда шүкір етіп, мойымайды. Әр сынақ көрген сайын мұныңда бір қайыры болар деп есептейді. Себебі, сынақ адамды күналардан тазартып, сабырлыққа жетелейді, ал сабырлық үшін ол сый-сауап алады.

Ауру Алладан берілген сынақтың бірі. Үлкен өмірге әлі ұша қоймаған туберкулез ауруына шалдыққан жас бүлдіршіндерімізбен, ҚМДБ-ның жалпы және жастар ісі бөлімінің Қызылорда облысы бойынша өкілі Жандос Сүлейменұлы және Титов кенті «Мүбарак» мешітінің найб имамы Түлкібаев Мұхаммедғани облыстық туб диспансер орталығында ем қабылдап жатқан балдардың хал – жағдайларын білді. Жеткіншектерге сабырлық турасында уағыз айтып, 18 жыл аурудан төсек тартқан Аюб (а.с.) пайғамбардың өнегелі өмірінде мысал ретінде келтіріп, керемет уағыз айтылды.

Жандос Сүлейменұлы уағыз соңында Алладан бүлдіршіндер үшін сабырлық пен шипа тілеп дұға етті. Жиын соңында бейне ролик көрсетіліп, естелік суреттерге түсірілді.

Аллаһ тағаламыз қандайда бір сырқаты бар әр бір мұсылман жанға шипа беріп, сауаптан жазғай! Әмин. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру