ОҚО, Төле би аудандық «Нұр» мешітінің ұйтқы болуымен Алатаудың баурайындағы «Бастау» демалыс аймағында 1 күндік діни семинар өтті. Семинарға Төле би ауданының имам-молдалары мен облыс имамының орынбасары Еркебұлан Қарақұлов қатысты. Қаладағы қарбалас өмір мен күнделікті күйбең тіршіліктің ауасынан бір мезет күдер үзіп, табиғаттың ғажайып таза ауасы мен көз тартар керемет көрінісінің аясында дәріс алудың ерекшелігін сезініп қайтты. Таудағы семинардың көпшіліктің көңілінен шыққандығынан болар, ойларын ортаға тастап, өзекті тақырыптардың аясында түрлі сұрақтарын қойып, біліктіліктерін арттырғандарына дән риза болды. Енді бір жағынан Алланың Құранда жазылмаған жаратылыс аяттарының керемет көрінісіне тәнті болған қатысушылар бұдан кейін де табиғат аясында семинар өткізіп тұруды дәстүрге айналдыру керек деген оймен тарасты.
ОҚО, Төлеби аудандық
«Нұр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.05.2014
3451
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру