Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен 2014 жылдың алғашқы төралқа жиналысында Бас мүфти күн тәртібіне үш негізгі мәселені қойған болатын. Олар:
1. Дін мен дәстүрге қайшы көзқарас ұстанатын, қоғамға лаң салып, бүлік тудырып жүрген жат ағым өкілдерін табанды түрде даналық жолымен мүфтият төңірегіне топтасуға күш салу;
2. Уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жұртымызды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақыру;
3. Қайырымдылық іс-шараларын жиі өткізу, қамқорлық акцияларын ұйымдастыру.
Міне, осы үш бағыт бойынша Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өкіл имамдарға жұмысты ықласпен, жауапкершіліпен атқаруды шегелеп тапсырды.
Сыр өңірінде де осы бағыттар бойынша қыруар жұмыстар жасалып келеді. Кем дегенде бір апта көлемінде 13 жерде кездесу өтіп, әр мешіт әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық шараларын жасап, үйлеріне дейін азық-түлік жеткізіп қала берді қаржылайда жәрдем етуде.
Осы аптада жасалған қайырымдылық шаралардың бірі, сал ауруына шалдыққан 14 жасар бауырымызға көрсетілген жәрдем болды. Бауырымыз туа бітті осы ауруға шалдыққан көрінеді. Анасының ем іздеп бармаған жері, баспаған тауы қалмай, соңғы үмітін арқалап мешітімізге келді. Әлбетте бұл жағдай жамағатты жайбарақатта қалдырмай, намазда дұға етіп бауырларымыз қолынан келгенше жәрдем етіп, қаржылай көмек көрсетілді.
Анасы да шын жүрегімен қуанып ақ батасын беріп, алғысын бідірді. Бәлкім әр адам менің берген 50 теңге садақам не болады деп ойлар. Бірақ «теңіз де тамшыдан құралады», – дейді ата-бабаларымыз, көп болып жасаған қайырымдылығымыз бір жанға өмір, енді бір жанның сырқатының жазылуына үлкен көмек болары сөзсіз. Ендеше бауырлар қайырымдылық шараларда қапы қалмай қолымыздан келгенше көмек бере жүруді де ұмытпайық.
Алла тағала берген садақамызды қабыл етіп, мол сауаптан еткей! Әмин.
Қызылорда облысы
Орталық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.05.2014
3914
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру