Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамағаттың теңбіл доп жарысы

28.05.2014 3415 0 пікір

Өткен күні «Ақсай» мешіті жамағатының бастамасымен қаламыздағы «Төле би» мешітінің жамағаты, мешіт қызметкерлері арасында футболдан жарыс өтті. Футболға Әуезов ауданының бас имамы Кутышев Сейітбек те қатысып, жамағатқа ұйытқы болды.  Ойын басталмас бұрын ақсақалдар ойыншылардың бәріне жеңіс тілеп, бата берді.

Осындай игі шаралар мешіт жамағаттары арасында бауырмалдық пен сүйіспеншілікті арттыратыны сөзсіз. Жалпы, дін қызметкерлері, имамдарымыздың осындай спорттық шараларды ұйымдастырып, белсене қатысып жүргені тың жаңалық емес. Себебі, хадисте де: «Әлсіз мұсылманнан күшті мұсылман артық», – демей ме?! Сондықтан осындай шаралар көп болсын деп тілейміз.

«Ақсай» мешітінің
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру