Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарына семинар басталды.
Естеріңізде болса осыдан 1 ай бұрын күн бұрын қала және аудан найб имамдарымен қатар ұстаздарына Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) мирасы болған хадис ілімінен 1 апта көлемінде дәріс жүргізіліп, Сахих Әл-Бұхаридің таңдамалы жинақтарынан апта көлемінде мағынасымен жатқа оқытып, тереңірек үйретілген болатын.
«Ескіні есіңе алмай, Жаңа жадыңа түспейді», - демекші өткен семинарларда өткен тақырыптарды еске түсіріп, жаңадан дәрістер жүргізу үшін, бүгінде араға 1 ай салып ауданның бас имамдарымен қатар қала имамдарына Құран, Ақида Фикһтан 1 апта көлемінде дәрістер жүргізілуде.
Осман ибн Аффаннан жеткен хадисте, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды өздері үйреніп, сосын оны басқаларға үйреткендерің», – дегенін жеткізген. (Бухари)
Аллаһ тағала Құран үйреніп, оны басқаларға үйреткендерді игі жақсылардан етіп, баршамызды иман аясында бақытты өмір кешуге жазсын! Әмин.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.05.2014
3647
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру