Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті жанындағы әйелдердің діни сауат ашу курсының шәкірттері 2013-2014 оқу жылының аяқталуына орай арнайы бағдарлама бойынша «Миғраж түні» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара алдымен курстың ең жас шәкіртінің «Фатиха» сүресін мәнерлеп оқуымен басталды. Ұстаз Қарлығаш қажы Мәлікқызы кіріспе сөз сөйлеп Ережеп айы, Миғраж кешімен құттықтады.
Өкіл имам Н.Исенов мешіттен білім алған шәкірттерді құттықтап, 2013-2014 жж аралығында бұл сауат ашу курсында оқыған жас жеткіншек қыздардан бастап ақжаулықты аналардың жалпы саны 97-ге жеткенін айтты. Соның ішінде дәрістен қалмай бар ықылас жігерімен қатысып жүрген Құранның бастауыш тобының 20 шәкіртіне және жалғастырушы тобының 20 шәкірті барлығы 40 шәкіртке Бас имам атынан «Марапат хат», сый-сияпаттар табыстады. Қалған барлық шәкірттерге діни кітаптар топтамасын ұсынды.
Келесі кезекте курс шәкірті Үмсінған апай өзі жазған «Аллаға мадақ», Сақыпжамал апа «Иман сенің жүрегіңде» өлеңдерін оқыса, Жұлдыз ұстаз шәкірттерімен қосылып Пайғамбарға (с.ғ.с) салауттар орындады. Сондай-ақ шәкірттердің белсенді қатысуымен ойнаған «Анаға құрмет», «Ораза», «Имам Әбу Ханифа» тақырыптарындағы сахналық рухани қойылымдар қойды. Шәкірттер Алла тағаланың көркем есімдерімен қоса «Намаз – ұлы әмір» тақырыбында көптеген хадис-шәрифтер айтып, білімдерін ортаға салды. Ұстаз Ақерке мен Диана бұл іс-шараға жиналған қауымға Ережеп айында ұстаған оразаның ерекшелігі және нәпіл намаз, Құран оқу, игі істерді молынан жасау, оразаның құндылығы жайында қысқаша уағыздар айтып, іс-шараны қорытындылады.
Сондай-ақ бұл шара барысында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханашысы Назым Ғизатқызы «Оқы, Раббыңның атымен оқы!» тақырыбында ашық кітап көрмесін ұйымдастырды.
Алла тағала барша мұсылмандарға қайырлы білім берсін!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.05.2014
3945
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру