Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсыруымен, республикалық орыс тілді ақпараттық насихат топтарын құру жүктелген болатын.
Осы орайда өткен аптада ҚМДБ-ның найб мүфтиі Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде орыс тілді уағыз-насихат тобын құру туралы шешім қабылданған еді.
Осыған орай 20-27 мамыр аралығында өңірлерден келген 21 имамға ислам құндылықтарын орыс тілінде жеткізу тақырыбында республика көлемінде қысқа мерзімді семинар жүргізілді.
Елорда имамдары мен медресе ұстаздары, дін істері басқармасы мамандары қолға алған семинарда ақида, фиқһ ілімі, тәпсір әдістемесі, ханафи мазхабы қағидалары, шешендік өнер және тағы да басқа өзекті тақырыптар талқыланады. Сондай-ақ, брейн-ринг, диспуттар және бейнесұхбат (уағыз) беру тәсілдері жайында дәрістер өткізіліп, қатысушы имамдар семинарда жүргізілген сабақтарға ризашылығын білдірді. Семинарға қатысқан Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов бүгінгі таңдағы діни ахуал, семинар көтерген тақырыптарға ой қосып, пікір алмасты.
Кеше апталық семинар қорытындыланып, ҚМДБ-ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының атынан арнаулы сертификаттарды ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов қатысушыларға табыстады.
Жайық НАҒЫМАШ
"Нұр Астана" мешітінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.05.2014
3024
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру