Халқымызда: «Ай – ат басын бұрғанша, жыл – жылқы аунап тұрғанша»,– деген қастерлі мәтел бар. Мінекей, сол өтпелі күндердің барлығы Алланың бізге берген шексіз сиы болмақ. Елдігіміз бен теңдігіміздің қос тізгін қатар қолға алып, Тәуелсіз аспан астында сапта тұрып намазға келіп, Жаратушы Алладан тек жақсылық күтіп, береке-бірлік тілеу ол иманды құлдың қасиеті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының: «Имамдардың білімсіз жұмыс атқаруын ертең елестету мүмкін емес. Әлі –ақ ортамыздан бәсекеге қабілетті ғалымдар шоғыры да қалыптасады», – деген.
Қазір біз сол топтың өкілдерін даярлаудамыз. Білімді ортаның ірге тасын қалаудамыз. Болашақ ұрпақ дініне адал, сеніміне берік, жоқ-жітікке жәрдемші, қарапайым қалтқысыз еңбектің иелері болатынына сенеміз», – деген болатын, бір кездесуінде. Шынымен бүгінгі мүфтияттан бастау алатын ізгі шаралардың барлығы халықтың игілігі үшін.
Жоғырыда айтқанымыздай ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қарының жетекшілігімен облыс көлеміндегі аудан-қала имамдарының басын қосқан апталық семинар болып өтті. Семинарға арнайы ҚМДБ-ның пәтуа бөлімінің қызметкері Сансызбай Құрбанұлы, Сарыағаш медресесінің ұстаздары Нұрсейтов Зират, Сыдықов Дінмұхамед қатарлы ұстаздар келіп, фиқ, ақида, Құран, Хадис ілімдерінен сабақ жүргізді.
ҚМДБ-ның пәтуа бөлімінің қызметкері Сансызбай Құрбанұлы мешіт жамағатымен де кездесіп, уағыз жүргізді. Апталық семинар соңында Жамбыл облыс әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы баяндама жасап, аудан имамдарына құттықтау алғысхаттарымен қоса бағалы естелік бұйымдар тарту етті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қары имамдарға арнайы сертификат табыстады. Имамдар семинардан кейін Жамбы облыс әкімдігі Дін істері басқармасының маманы, Құралбаев Аянның бастамасымен облыстағы орталық Мұражай мен қоса мәдени ошақтарын аралап қайтты.
Көгедай Шәмерхан,
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.05.2014
3653
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру