Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семейдегі семинар

26.05.2014 3031 0 пікір

Семей қаласындағы Төлеубек қажы мешітінде айтулы шара болып өтті. Кезекті үшінші топтың  екі апталық имамдардың білімін жетілдіру семинарында білім алған 12 ауыл молдалары емтихан тапсырып барлығы сыннан сүрінбей өтті. 

Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат ауыл молдаларына семинарды сәтті аяқтағаны жөнінде сертификат тапсырды. Өкіл имам бүгін куәліктерін қолдарына табыстап тұрып: "Сіздер біздердің  шақыруымызды қабыл алып, екі апта уақыттарыңызды сарп етіп, білім үйренуге тырыстыңыздар. Енді осы алған білімдеріңізге амал жасап, халыққа қызмет етіңіздер. Мешіттеріңізде күнделікті сабақ жүріп жататын болса, онда ол сіздердің екі апта бойы  отбастарыңыздан жырақта жүріп алған ілімдеріңіздің жемісі деп есептеңіздер. Алла тағала  барлығыңыздың абыройларыңызды көтерсін!"- деп, сәт сапар тіледі. Ілім алуға келген имамдардың барлығы екі аптада қол жеткізген жетістіктерін жарыса айтып, дәріс берген қала имамдарына, ұстаздарға алғыстарын білдірді. Сонымен қоса  имам молдалардың оқып білім алуын, әр уақытта жіті назарда ұстап, жағдай жасап отырған, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазретке үлкен рахмет айтамыз. Осы шараны ұйымдастырып отырған өкіл имам Алтыбай Мақсат, және осы мешіттің басы қасында жүрген Ұлан Ермекұлы жанынан табылып, қолдау көрсетіп отырған барлық ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Алла дендеріңізге саулық, істеріңізге берекет берсін .

 

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру