Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам ауыл мешіттерінде

26.05.2014 3183 0 пікір

Біз әдетте, «Ауыл – алтын бесік»,– деп жатамыз. Осы күнге дейін  бұл қасиетті құндақтан  дініміздің қайнар бұлағы бастау алып, шариғаттың шынары тамырын тереңге жайып келген еді. Алайда, қазір ауылдықтарға қарағанда қала халқының діни сауаттылығы анағұрлым жоғары. Мұның себептері де айқын. Негізгі білім көздері шаһарлы жерде орналасқан, білікті имамдар да көбінесе орталықта. Ал шалғай елдімекендерде тұратын бұқараның тұрмыс-тіршілігін, әдет-дағдысын, өмір сүру деңгейін білмей – оларға дін негіздерін түсіндіру, үйрету мүмкін емес. Сондықтан жергілікті имамдардың жұмысын ұдайы бақылып, оларға жол көрсету үшін облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті басшылығы тарапынан да бірқатар істер атқарылуда. Осыған орай, ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исенов Май ауданына қарасты «Баскөл», «Қожабек» мешіттерінде жамағатпен кездесу өткізді. Бас имам сапар барысында ауыл жұртының хал-ахуалы, мешіттердің жай-күйі, имам-молдалардың жұмысын көріп, басқа да мәселелермен танысты. Халыққа уағыз айтып, дін қызметкерлеріне нұсқау-кеңестерін берді. Көпшілікпен көп пікір алысып, сұрақтарға жауап берді. Жиналған қауым өкіл имамға келелі жиын ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтып, осы сияқты жүздесулерді жиі жасап тұруын сұрады.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің
баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру