Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің

26.05.2014 4231 0 пікір

Атырау қаласы, Дамбы селолық тұрғындары, қоғам қайраткерлері және белсенді жастар ұйымдарына «Дін ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің» атты кездесу өтті.

 

Мақсаты: Ислам діні ғасырлардан бері халқымыздың рухани құндылығы екендігін түсіндіріп, сырттан белгілі бір мүддемен келген діни ағымдарға ауыл тұрғындарын улатпай, халқымыздың руханияты мен мәдениетін сақтау, асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау.

Аталған шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Мансұров Батыржан қажы Берденұлы, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директорының орынбасары Аташев Айбек Асқарбекұлы, теолог Жұмағұл Қанат Әділханұлы, Дамбы селолық округі әкімі Байзуллин Ұзақбай Шораұлы және ауыл тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұстаздар қауымы, мектеп оқушылары, белсенді жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Шара барысында Б.Б.Мансұров, Е.К.Шохаев, Қ.Ә.Жұмағұл – аталған тақырып аясында баяндама жасап қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Шараға 120 адам қатысты.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру