Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық шарасы жалғасуда

23.05.2014 4042 0 пікір

Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейтбековтың ұйымдастыруымен облыстық орталық мешіттің жамағаты және Зекет қорының облыстық филиалының директоры С.Хантөреев бірлесіп, 22 мамыр күні жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға азық-түлікпен қайырымдылық шарасын өткізді. Бас мүфти тапсырмасына орай, маңғыстаулық барлық имамдар апта сайын мұқтаж жандарға көмек қолын созуда.

Өкіл имам облыстық мешіт жамағатына айына бір рет қайырымдылық жасау мақсатында көңілінен шыққан садақаларын берулерін ұсынған еді. Міне содан бері мешіт жамағаттары көмекке зәру жандар үшін садақаларын беріп келеді. Мешіт имамдары жамағаттан жиылған қаржыға азық-түлік алып, тиісті жандарға жеткізіп отыр. Садақаны саулығыңда бер, мұқтажға демеу бол демекші Зекет қоры да осы шараға өз үлесін қосты.

 

 Маңғыстау облыстық орталық 
мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру