Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жезқазғанда ЖАНТ-ның семинары басталды

22.05.2014 3170 0 пікір

Жезқазған аймағы бойынша қалалық әкімшілік және ішкі саясат бөлімінің бас маманы Тасмағанбетова Айшагүл Жапарбайқызының ұйымдастыруымен жергілікті ақпараттық насихат тобының үш күндік семинар лекциясы басталды. Үгіт насихат тобының құрамында Қарағанды қаласынан келген «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, дінтанушы Сыздықов Рүстем Мәлікұлы және Жезқазған аймағы бойынша өкіл имам Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы бастап Жезқазған және Сәтбаев қалаларының ұстаздарына діни сауатын арттыру мақсатында семинар жүргізілу үстінде.

Қалалық «Нұр Отан» ХДП бас ғимаратындағы мәжіліс залында қос қаланың әсіресе дінтану пәндерінің 200-ден астам ұстаздарына орыс тілінде лекция оқылып, арнайы дайындалған слайдтық бейне дәрістері көрсетілді.

Кездесу барысында егеменді еліміздің ауызбіршілігі, уахабилік-сәләфилік ағымдардың таралуы, ата-ананы құрметтеу, ізеттілік, имандылық және басқа да тақырыптар жөнінде кеңінен айтылды. Тартымды өткен семинарға жиналған ұстаздар белсене ат салысып, дін төңірегінде туындаған түрлі сауалдарына дін мамандары тарапынан қанағаттанарлық жауаптарын алды.

 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
 бойынша баспасөз қызметі
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру