ҚМДБ-ның Жезқазған аймағына қарасты Кенгір мешітінің ұйымдастыруымен 6-9-шы сыныптар аралығында 62 оқушының қатысуымен "Лаңкестікке жол жоқ!"-атты семинар болып өтті. Мешітке жиналған еліміздің болашағы жас өрендерге елдің болашағы мен ертеңін ойламайтын, білімсіздік пен өзімшілдіктен, надандықтан пайда болған қитұрқы саясатты көздеген лаңкестердің сипаттары мен олардың пайда болу жолдары, олардың кесірі мен зияны, дәстүрлі дініміздің лаңкестікке көз қарастары қандай екені кеңінен айтылды.
Арнайы аталған тақырыпқа арнап баннер, таратпа қағаздар мен кітаптар, намаз, Құран оқып үйренейік атты буктемелер, газет-журналдар таратылды. Оқушылар семинарға жарыса атсалысып, көкейкесті сұрақтарын қойып жатты. Имам Естауов Медет оларға Алладан келген барша дін ізгілікке, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге шақыратынын айтып, білімді - мешіттерден, имамдар мен ҚМДБ-ның ресми сайттарынан алуға шақырды.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша
Кенгір ауылдық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.05.2014
4271
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру