Мамырдың 21-і күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойыншы өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі студенттерімен «Дін және жастар» атты тақырыбында кездесу өткізілді. Шараға Атырау мұнай және газ технологиялық колледжінің директоры Ихсанов Бекболат Оразұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Имашев Бейсенбек Нұржанұлы және колледж студенттері қатысты.
Өкіл имам жастарды жат ағымдардан сақтанып, асыл дінімізді әрқашанда әділдік пен мейірімділікті дәріптеуші ретінде тануымыз керектігіне тоқталып өтті. Сонымен қатар, жастарды жан-жақты білім алудан еш жалықпауға шақырып, еліміздің білікті маман иесі болуға өсиет етті.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.05.2014
3357
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру