ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Бізге ең бастысы шынайы ықылас қажет. Жұмысқа деген жауапкершілікті сезінсек, онда біз біраз белесті бағындырамыз. Қазір күн демей, түн демей ел үшін, Ислам игілігі үшін қызмет ететін уақыт»,-деген.
Жас буынның санасын улап, дінді саясат қаруы ретінде қолданған данышпансымақтарымыздың бетін қайтару үшін, имамдарымыздың жұмыстары екі есе жауапкершілікті талап етеді. Сол себепті имамдардың білімін жетілдіріп, сауатын арттыру үшін семинарлар өткізу қазіргі уақыттың талабы.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен мамыр айының 20-жұлдызында ресми түрде ашылу салтанаты өтіп, қала, аудан имамдарына арналған семинар өз жұмысын бастады. Семинарда шариғат және фикһ негіздері жөнінде кеңінен талқыланып, дәрістер өткізіледі. Имамдардың біліктілігін жоғарылатуға арналған дәрістермен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар түрлі спорттық шаралардың ұйымдастырылуы да жоспарға алынды.
Семинарға қатысушы облыс имамдары мен аудан мешіттерінің бас имамдарына дәрісті, Мысыр қаласындағы Әл-Азһар университетінің магистранты, Даруль Ифтада 3 жыл қызмет жасаған Шоқанов Сансызбай ұстаз оқиды. Имамдарымыз күннен-күнге білімін жетілдіріп, ізденісін есі арттыруы қажет. Себебі, имам білімді болса, жамағат та сауатты болады. Ал халқымыздың сауаттылығы ешқашан еліміздің қаймағын шайқалтпайды. Конференцияға жиналған имамдарға ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы, Қарағанды облысы Дін істері агенттігі басқармасының басшысы Нұркенов Қайрат Қаршығаұлы, Қарағанды облыстық конфессия аралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығының директоры Нығыман Жандос Әшімұлы істеріне береке, сәттілік тіледі.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.05.2014
3238
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру