Алматыдағы «Орбита» мешітінде адамзатты екі дүние бақытына жетелейтін Құран Кәрімнен шәкірттер арасында жарыс ұйымдастырылды.
«Бұл игі шараны өткізудегі мақсатымыз – шәкірттерді Құранды көбірек жаттауға дағдыландыру, Алланың қасиетті кітабына деген ынта-ықыласын арттыру. Өйткені, Құранды жаттап, оны көкейіне тоқып өскен ұрпақ жамандыққа бой алдырмайды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы шәкірт тәрбиелеуге баса назар аударып отыр. Сондықтан бұл шараның тағы бір берер пайдасы – жастардың бойына имандылықты ұялату», – дейді Бас имам Асан Тілеубердиев.
«Нұр Мүбарак» университетінің ұстазы, доктор Атиа Фихһи қазылық еткен Құран жарысында жүлделі І орынды осы оқу орынның І курс студенті Әміржан Нұрмағанбетов иеленді. Ал екінші орынға Қазақ Бас Сәулет құрылыс академиясының ІІІ курс студенті Әлішер Найманханов лайықты деп шешілді. Ал үшінші орынды «Нұр Мүбарак» университетінің ІІ курс студенті Нұржан Нұрсұлтан қанжығасына байлады.
Жарысқа 50-ден астам шәкірт қатысты. Жақсы нәтиже көрсеткендер алғыс хаттармен марапатталды.
Жүлделі орынға ие болғандарға бағалы сыйлықтар, кітаптар табысталды. Бас имам Асан Тілеубердиев мұндай игі шаралар «Орбита» мешітінде әрдайым жалғасын таба беретінін жеткізді.
«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.05.2014
3177
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру