ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Атырау қаласындағы 600-ге тарта мектеп бітіруші түлектерді мамыр айының 19-шы жұлдызында сәт сапар тілеу мақсатымен мешітімізге шақырып «Жаратушыдан «Раббым, білімімді арттыра гөр» деп тілеп, дұға қылыңдар. Таза жолда жүрсеңдер білімдерің артады. Білім алудан, еңбек етуден шаршамай, еліміздің бетке ұстар азаматы мен азаматшалары болыңдар!» - деп бата беріп сыйлық үлестіріп шығарып салған болатын. Ал 20-шы мамыр күні Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда үздік 150 оқушыға арналған «Жолың болсын жас түлек» атты кездесу өткізілді.
Кездесу мақсаты: Мектеп бітіруші жас түлектердің мамандық таңдауға және өмірге деген көзқарастарының байсалды және нақты болып қалыптасуын нығайту.
Аталған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, Атырау облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы Шамұрат Байжан Мұғалімұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директорының орынбасары Аташев Айбек Асқарбекұлы, теолог Алпысбаев Ерғали Орынқұлұлы және БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Өткізілген шара соңы мерекелік концертке ұласты. Сонымен қатар, түлектер өз тарапынан ризашылықтарын білдірді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.05.2014
3648
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру